Саясат
Америкалықтар Зеленскийге барынша қолдау көрсетуде
Украинадағы парламент сайлауында "Халық қызметшісі" партиясының жетістікке жетуі, Владимир Зеленскийге елдегі өзгерістерді жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер береді, деп айтылған The Washington Post газетіндегі мақалада.
- Украинаның саяси элитасы елдегі жағдайды түзеуге және Ресейден тәуелсіздікті қорғауға көптеген мүмкіндіктерді өткізіп алды. Енді бұл мүмкіндік адамдардың жаңа командасында болады, - делінген мақалада.
Газеттің айтуынша, Зеленскийдің партиясы, парламенттегі абсолютті басымдықты жеңіп алу арқылы 1991 жылы Украина тәуелсіздік алғаннан бастап, осындай көрсеткіш көрсеткен саяси күш болып табылады.
Washington Post Зеленскийге "қолындағы кең билікті" пайдалану арқылы, Украинаны өзгертіп, оның болашағын жарқын етуге кеңес береді.