Саясат

Қытайлықтар: "Сахалиннен" айырылғанымыз өкінішті

Жер жетпей жатқан тәрізді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сахалин аралының Ресей империясының қарамағына өту, "әттеген-ай" дегізіп, бармақ тістетеді, деп жазылған Sohu басылымындағы мақалада.

Мақала авторы, аралдың көп уақыт бойы Қытай аумағы болғандығын әрі оған "ғибадатханалар мен өзге де ескерткіштер" дәлел бола алады деп жазған. Бұдан бөлек, аралдан мұнай қоры да табылған болатын. 

Материалда, "19 ғасырдың 50-ші жылдары, Қытай Ресей империясына елдің солтүстік-шығысында орналасқан кейбір аумақтарды беру арқылы Ұлыбритания мен Францияға қарсы көмек сұрағаны туралы айтылған. Осы аумақтардың ішінде Сахалин аралы да бар", - делінген.

- Сахалинде табылған мұнай қоры Ресейге 500 миллиард доллар пайда әкелуі мүмкін. Сол себепті Сахалиннан айырылғанымыз - Қытай үшін үлкен өкініш болып табылады, - дейді мақала авторы.