Bugin

АҚШ -та атыс орын алды

Видеоға қашқан адамдардың бейнесі түсіп қалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Гилрой қаласындағы жыл сайынғы сарымсақ фестивалінде атыс болып, 3 адам және атысты бастаған азамат қаза тапты. 15 адам жарақат алған.

Қылмыскерді полиция атып тастаған. Полицейлердің айтуынша, оның сыбайласы болуы мүмкін. Сол себепті фестиваль өткен орынға әзірге баруға болмайды.

-Біздің адамдар жұмыс істеп жатыр және екінші күдікті болса, соны табуға күш салып жатыр, - деп хабарлады журналистерге полиция басшысы Скот Смити. 
Оның айтуы бойынша, қылмыскер көрінген жаққа оқ жаудырған. Қылмыскердің көздеген мақсаты әзірге белгісіз.