Саясат
Қала әкімшілігінде өткен қоғамдық тыңдауда көше атауын өзгерту туралы шешім қабылданды
Енді Юрий Гагарин атындағы көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі беріліп, даңғылға айналмақ, деп хабарлайды Костанайские новости басылымы.
Ал көше атауын ауыстыру туралы ұсынысты Гагарин көшесінде орналасқан көлік колледжінің ұжымы жасаған екен. Бұған қоғамдық тыңдауға келген қала тұрғындары да бір ауыздан қолдау көрсетіп, даңғылдың өркендейтіндігіне сенім білдірген.
Қала билігі ғарышкердің есімін де бос қалдыруды ұмытпаған көрінеді. Қаладағы шағын көшелердің біріне Гагариннің есімін беруді ойлап отыр. Ал тұрғындар болса, Гагариннің есімі берілген көшенің сәулеті жақсарады деп сеніп отыр.