Bugin

Маңғыстауда адам өлтірумен айналысқан ірі қылмыстық топтар ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік кеңесі бұрын-соңды болып көрмеген ауқымды операцияны ұйымдастырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі бірлесе өткізген шараның нәтижесінде 4 бірдей қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.  

Қылмыстық істе атыс қарулары мен оқ-дәрі, сондай-ақ, есірткі сақтау, адам өлтіруге оқталу, бопсалау, тағысын тағылар қарастырылған. Тергеу орындарына жеткізілген топ мүшелері осындай ауыр қылмыстар бойынша күдікті болып отыр.

Бес қару бойда, жігіттер сақадай сай. Әскери көлігіне қарай асыққан жігіттердің мақсаты бір. Маңғыстау облысы аумағында жүргізілетін ауқымды операцияны жүзеге асыру. Шымкентттегі сыра зауытының иесі болған, әйгілі Тоқтар Төлешевтің ісі мен бірнеше жыл бұрынғы Ақтөбеде болған діни экстремистерді құрықтау елді елең еткізген маңызды оқиға болса, операцияның ауқымы жөнінен бүгінгі шара олардан әлдеқайда асып түсті. Бір уақытта 30-дан астам жерде тексеру шаралары өтпек. Лек-легімен ағылған мына автобустар соған бағыт алған арнайы жасақ өкілдері.

 Маңғыстау облысы аумағында бұрын-соңды мұндай көлемді операцияның жүргізілгені есімізде жоқ. Осы жолы полицияның нысанасына іліккен 4 бірдей қылмыстық топтың жолы кесілді. Адамды өлтіру мақсатымен ұрлау, атыс қару-жарақтары мен есірткі сақтау, біреуді бопсалау - күдікке алынған әрекеттері адам шошырлық. Оның 20-дан астамы тергеу орындарына жеткізіліп, 16-сына қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды. Сондай-ақ, есірткі заттар мен үлкен көлемде қылмыстық атыс қарулары тәркіленді.

https://www.youtube.com/watch?v=T8TXBE2SyT8