Bugin
Үкімет басшысы шетелдік көліктерді мемлекеттік сатып алулар арқылы тапсырыс беруге тыйым салу жөніндегі қаулыға қол қойды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстанның "ҚазАвтоПром" автокөлік саласы кәсіпорындарының одағы баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, үкімет басшысы мұндай қаулыға отандық өнеркәсіпті қолдау мен ұлттық экономиканы дамыту үшін қол қойған.
Енді шенеуніктер 2 жыл бойы "иномарка" сатып ала алмайтын болды. Тек отандық жеңіл көліктер мен "CT-KZ" үлгілі сертификаты бар көліктерді ғана сатып ала алады.
- Мемлекеттік сатып алу отандық автокөлік өндірісінің 2014-2015 жылғы дағдарыстан кейін ес жиюына мүмкіндік беретін маңызды жол болып отыр. Мәселен, былтыр елде өндірілген көліктердің 11 пайызын мемлекеттік мекемелер сатып алған, - дейді "ҚазАвтоПром" автокөлік саласы кәсіпорындары одағының статегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарян.