Спорт
Оған не себеп болды?
Туриндік "Ювентус" пен Оңтүстік Корея біріншілігінің ойыншыларының құрамасы арасындағы ойынды ұйымдастырушылар Криштиану Роналду үшін итальялық клубты сотқа беруді ойластырып жатыр. Бұл туралы Corriere dello Sport хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, ойынға қатысты шарттарда Роналду міндетті түрде алаңға шығуы керек болған, алайда ол қосалқы құрамда қалып қойған. Екінші кезең барысында кәріс жанкүйерлер ойынды көруден бас тартып, тарай бастаған. Кейбір жанкүйерлер Роналдуға қарай ысқырып, наразылық білдірген.
Корей біріншілігінің басшылығы жанкүйерлерден кешірім сұрады. "Ювентустің" мәліметінше, Роналдудың бұлшық еті ауырғандықтан, алаңға шыға алмаған.
Ал ойынның өзі 3:3 есебімен аяқталған.