Bugin
Этикаға жат қылық жасады
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев министрдің орынбасары, генерал Махамбет Абисатовтың жұмыстан кетуіне қатысты пікір білдірді.
- Өзі келіп жұмыстан шығуға өтініш жазды. Біз оның өтінішін қанағаттандырдық, - деп түсіндірді Ерлан Тұрғымбаев журналистерге.
Десе де, Тұрғымбаев орынбасарының мемлекеттік қызметкердің этикасына жат қылық жасағанын атап өтті.
- Бірақ біз оның әрекетіне қатысты ешқандай шешім шығарып, жаза қолданған жоқпыз, - деді министр.
Айта кеткен жөн, бұған дейін ғаламторда Махамбет Абисатовтың қол астындағы қызметкерлерге дауыс көтеріп сынаған, дөрекі сөйлеген аудиожазба тарап кеткен еді.
ҚазАқпарат