Саясат

Министр басы дауға қалған орынбасарына қатысты пікір білдірді

Әріптестеріне тіл тигізген ішкі істер вице-министрі жұмыстан кету туралы өтінішті өзі тапсырған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев басы дауға қалған орынбасарының жұмыстан кетуіне қатысты пікір білдірді.

"Ол жұмыстан кету туралы рапортты өзі берді. Біз оның өтініш қанағаттандыруға келістік. Мемлекеттік қызметшінің этикасы бұзылып отыр ғой. Иә, ол солай сөйледі. Бірақ біз оған қатысты шешім шығарған жоқпыз", - деді Тұрғымбаев журналистерге берген сұқбатында.

Айта кетейік, 19 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Махамбет Әбісатовты ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатқан болатын. Оның орнына Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы болған Арыстанғани Заппаров тағайындалды.

Вице-министрге қатысты дау

Бұған дейін желіде "На любой стрелке обосную" деп аталатын ролик жарияланған болатын. Ер адам қызметкерлерге тіл тигізген. Видеоның сипаттамасында жазба Ақтөбе облысы полиция департаментіндегі жиналыста жасалғаны айтылады. Титрде жиынға қатысушылардың бірі вице-министр Махамбет Әбісатов екені көрсетілген.

Ішкі істер министрлігі аудиожазба бойынша тексеріс өткізді. Бұған дейін министр Ерлан Тұрғымбаев фоноскопиялық және филологиялық сараптама жүргізіліп жатқанын мәлімдеген болатын.

sputniknews.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61