Экономика

200 мың теңге пара алған шенеунік 6 мииллион теңге айыппұл төлейді

9 шілдеде Ордабасы аудандық сотының үкімімен парақор-шенеунік 6 млн теңге айыппұл төлеу жазасына кесілді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мәліметінше, "Ордабасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы пара алды деп айыпталды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті бұған дейін "Ордабасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Оспанов Е-нің ісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын.

Оспанов жануарлардың изоотикалық ауруларының профилактикасы бойынша жасалған актілерге қол қойғаны және орындалған жұмыстарға қаражат аударғаны үшін 200 мың теңге көлемінде пара алған.

9 шілдеде Ордабасы аудандық сотының үкімімен Оспанов 6 млн теңге айыппұл төлеу жазасына кесілді.

Сот айыппұлды төлеу мерзімін үкім заңды күшіне енген күннен бастап 1 ай ішінде деп белгіледі және айыппұл төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылатынын түсіндірді.

Сотталушы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.