Саясат

Порошенко отбасымен бірге Украинадан кетіп қалды

Украинда оған қарсы 11 іс қозғалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Украинаның бұрынғы президентінің елден кеткенін алғаш болып "Украинская правда" басылымы мәлімдеді.

Саясаткер өз отбасымен бірге елден кеткен. Кейбір туысқандары өткен аптада кетсе, Порошенко 28 шілде күні ұшып кетіпті.

Бұдан бөлек, 26 шілде күні Порошенконың өзі кететінін айтқан екен. Экс-президент пен журанлистердің арасында келесідей сұхбат орын алған екен:

— Петр Алексеевич, сіз жақын арада елден кетесіз бе?

— Иә, кетемін.

— Бірақ, қайтып ораласыз ғой?

— Жоқ. (Күле бастайды). Шын мәнінде, бірнеше күнге демалысқа барамын.

Қазіргі уақытта Порошенконың және оның отбасының қай жерде екені беймәлім.