Саясат
Одақтастары - Германия, Ұлыбритания, Франция
АҚШ Германияға Иранның агрессиясына қарсы әскери миссияға қатысуға ресми ұсыныс жасады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.
- Біз Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті орнату мен Иранның агрессиясымен күресу үшін ресми түрде Германияны Франция мен Ұлыбриятанияға қосылуға шақырдық, - делінген дипломатиялық хабарламада. Ұсыныстың нақты шарттары туралы ешқандай мәлімет жоқ.
19 шілде күні Иран британдық танкерді басып алғаны туралы мәлімдеме жасаған болатын.