Саясат
Шымкент қаласының бұрынғы әкімі қызметінен кеткен Ғабидолла Әбдірахымов отставкасы жайлы пікір білдірді
"Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Қымбатты достар! Мен үшін Шымкент қаласының әкімі болып жұмыс істегенім үлкен мәртебе және мақтаныш. Осындай мүмкіншілік берген Елбасымызға, Президентімізге алғысымді білдіремін. Қолдан келгенше қаланың дамуына әріптестерлермен атсалыстым. Мен Шымкент халқына өте ризамын! Сіздер әрқашан мені қолдадыңыздар. Өзімді өте бақытты адам ретінде сезініп жүрдім. Әр нәрсенің соңы болады бұл өмірде. Жаңалықтар да болады. Жаңадан келген қала басшысына сәттілік тілеймін. Барлықтарыңызға үлкен алғыс айтып, басымды иемін! Аман болыңыздар! Шымкент жайнай берсін! Спасибо тебе, мой Шымкент!", - деп қоштасты экс-әкім қалалықтармен.
Еске салайық, бүгін Ғабидолла Әбдрахымов қызметінен кетіп, оның орнына Ерлан Айтаханов келген еді.