Саясат
Басшыларды қоластындағылардың жемқорлығы үшін жауапқа тарту – ұжымда тәртіп орнатудың ең жақсы жолы
«Президенттің басшылардың жауапкершілігін күшейту туралы талабын білесіздер. Аталмыш талап – басшыларды ұжымда тәртіп орнатуға ынталандырудың ең жақсы факторы», - деген Олжас Бектенов аталмыш норманы заңнамалық негізде бекіту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Бұл мәселені Парламентте шешетін боламыз. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыс күшейтілетін болады. Яғни, кез келген қызметкер жемқорлық бойынша жауапқа тартылса, басшысының жауапкершілігі туралы мәселе қоятын боламыз. Біз ол үшін барлық тетіктерді іске қосамыз. Әр басшы өз ұжымында жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Күн сайын қарамағындағы адамның қызметте де, жұмыстан тыс уақытта да немен айналысатынын біліп отыруы қажет. Ұсақ бассыздықты елемеу – үлкен жемқорлыққа жол ашады. Егер сізге мемлекеттік қызметтегі мансап жолыңыз қымбат болса, табысқа жеткіңіз келсе, қарамағыңыздағы қызметкерлерге ие болуыңыз керек. Бұған барлығыңызды шақырамыз», - деді Олжас Бектенов.