Саясат

Назарбаев Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Екі басшы қандай мәселелерді талқылады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл жөнінде Тұңғыш Президенттің ресми сайтында жарияланды.

Әңгіме барысында тараптар екі мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың белсенді түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

Күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер де әңгімеге арқау болды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков Қазақстан мен Қырғызстанның стратегиялық ықпалдастығын екі елдің игілігі үшін одан әрі тереңдетуді және кеңейтуді қолдайтындарын жеткізді.