Саясат

Маңғыстаудағы арнайы операция: Қылмыс әлемінің 8 мүшесі ұсталды

Қылмыстық топ ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтау қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 30 шілдеде ҰҚК және ІІМ қызметкерлері ұстаған қылмыстық топтың сегіз мүшесі үшін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. 

"Ақтау қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 30 шілдеде Маңғыстау өңіріндегі қылмыс әлемінің сегіз мүшесі А. Айткалиев, Е. Аркыбай, Ж. Жаңбырбаев, Р. Жексенбаев, Е. Зорбай, Ж. Базарбаев, Д. Бимырза және С. Кенғановқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", - делінген ҚР ҰҚК баспасөз хабарламасында. 

Тінту шараларымен тұрғылықты жерлері бойынша және ұсталғандардың өзімен бірге ТТ және Макаров тапаншалары, дыбыс бәсеңдеткіші бар револьвер, "Сайга" мылтығы, үш травматикалық тапанша, тоғыз кесілген мылтық, оларға 160-тан аса оқ-дәрілер, есірткі қзаттары, түрлі суық қару, сондай-ақ 5,6 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат табылды.

Еске салайық, 29 шілдеде ҰҚК мен Маңғыстау облысы ІІМ-мен бірлесіп қылмыстық топтың жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді.

tengrinews.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61