Саясат

Порошенко Украинаға оралмауы мүмкін

Саясаткердің пікірі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинадан кетіп қалған экс-президент Петр Порошенко елге қайтып оралмауы мүмкін, деп мәлімдеді Киев саяси зерттеулер мен конфликтология орталығының директоры Михаил Погребинский NewsOne телеарнасының эфирінде.

Сарапшы қазіргі мемлекет басшысы Владимир Зеленский шынымен парақорларды жазалауға көшеді деп үміттенгенімен, Порошенко шетелден қайтып оралады дегенге күмәнмен қарайтынын айтты.

 - Ол қайтып оралмайды деген күдік бар. Ол Ыстамбұл арқылы Дубайға ұшқан, әрі қарай оның іздері жоғалады. Порошенко өз отбасымен шетелге шығып кетті, бұған дейін ол банктен келілеп немесе жарты тонна жүз долларлық ақшаларды қолма-қол алған. Бұл ақшалардың қайда екенін біреу біле ме? Алдымен, бірнеше күн бұрын отбасы ұшып кеткен, содан кейін оның ұшып кететіні де ақиқат болды, - дейді Погребенский.