Bugin
Пойыз жолсеріктерінің 35 жастағы әйелді зорлағаны елдің жағасын ұстатқан еді
Бұған қатысты "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы әйел жолаушыдан ресми түрде кешіріп сұрап, компания беделіне нұқсан келгенін хабарлаған болатын.
Одан бөлек, ҚТЖ "ҰК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов пойыз вагондарының қазіргі таңда сын көтермейтінін әрі арнайы вагон құрастыруға қаржының тапшы екендігін де айтып өткен.
- Әйелдерге арнап вагон құрастыру мүмкін емес. Онсыз да вагондар жетпей жатыр әрі қымбат. Бір вагонды күтіп-ұстауға 1 млн доллардың қаржысы кетеді. Вагондардың 46%-ы ескі, тозған. Оны жаңартуға ұзақ уақыт керек. Жолаушы тасымалы шығыны көп сала болғандықтан, қаржылық мүмкіндіктерімізге қарай вагондарды жаңартатын боламыз, - дейді Қанат Әлмағамбетов.
Ал компанияның клиентпен жұмыс жасау департаменті директоры Әлібек Сұлтановтың айтуынша, әйелдерге арнап бөлек купе ұйымдастыру мәселесі былтыр да көтерілген.
- Егер де мұндай талап міндеттелетін болса, біз тасымалдаушы ретінде оны орындауға әзірміз. Бірақ қазіргі уақытта мұндай ұсыныс талқыланып жатқан жоқ, - деп жауап берді Сұлтанов.