Bugin

Оралда мәйітті бір ай бойы төсек астында жасырған қанішер ұсталды

Сасыған мәйіттің иісін де сезбеген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ал төсек астында жатқан мәйітті өлтірген кісінің әріптестері аяқ астынан тауып алған.

Сот ісінің деректеріне сүйенсек, 58 жастағы Серікжан Әділов "Ғимарат" ЖШС-нда күзетші болып жұмыс істеген көрінеді. Бұрын қасапшы болып нәпақа тапқан екен.

Ал оқиғаның өзі биыл 3 наурыз күні кешкі сағат 20.00 шамасында болған. Ол күні Әділов пен оның шөлмектес әріптесі 38 жастағы Марат Черниязов күзет бөлмесінде отырып, бірге ішімдік ішкен. Отырыстың арты дауға айналып, Черниязов Әділовтің бетіне жұдырық жұмсаған. Таяқ жеген Әділов те қарап қалмай, қарымта қайтарып, Черниязовты жаққа бір ұрып, сұлатын түсірген. Соққының қатты болғаны соншалық – құлаған "жігіт" сол беті ес жимай қалған. Есеңгіреп қалғанын пайдаланған Әділов оның арқасына отырып алып, басынан төпештей берген. Ал өлген жігіттің мәйіттін өзі жатып жүрген төсектің астына итеріп, көрінбес үшін үстіне жамылғы жаба салған.

Айта кеткен жөн, Әділов бұл бөлмеде 27 күн бойы түнеп жүрген. Осыдан 30 жыл бұрын жол апатына түсіп, содан ауыр жарақат алған қылмыскер иіс сезу қабілетінен айырылған көрінеді. Содан мәйіттің сасық иісін де сезбеген күйде жата берген.

Тергеу барысында Әділовтың бастығы болған Черниязовтың оған бұған дейін де әлімжеттік көрсетіп жүргені белгілі болды. Оның ашуға берілуіне де осы әсер еткенге ұқсайды.

- Сот Әділовты кінәлі деп тауып, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті, - деп үкім оқыды БҚО мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Бақыт Ермаханов.

Айта кеткен жөн, Әділов та, Черниязов та әйелінен ажырасқандар. Сондықтан оларды ешкім іздей қоймаған.

Ал мәйітті базаға келіп жүрген жүргізушілердің бірі тауып алған.

Мой город