Экономика
Қазақстандықтардың ипотекалық қарызы рекордтық деңгейге жетті
Екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелері бір айда 4,5%-ға өсті және бірден рекордтық 30,5%-ға жетіп, 1,49 трлн теңге болды. Бұл экономикаға берілген несиелер жиынтығының 11,6%-ын құрайды. Былтыр бұл көрсеткіш 1,14 трлн теңге болған.
Еліміздегі пайыз мөлшерлемесі төмен әрі тиімді ипотека беретін банктер қатарында Altyn Bank (15,4%), Сбербанк (15,6% ) және РБК банкі (16%) еніп отыр.
Ең төменгі алғашқы жарна бойынша ForteBank көш бастап тұр - 15%. Ал, Altyn Bank, Tengri Bank және АТФ банктері сатып алатын баспана құнының 20%-ын құюды талап етеді.
Informburo.kz