Саясат

Түркістан облысында үлкен өзгеріс болмақ

Туристік кешен салуға 100 млн доллардан астам қаражат тартылмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысында туристік кешен салуға 100 млн доллардан астам қаражат тартылмақ.

Өңірлік туризм және сыртқы байланыс басқармасының хабарлауынша, Қасқасу тау шаңғы курорты бірнеше кезең бойынша салынады. Тап қазіргі уақытта 26 млн теңге болатын инженерлік жүйелері мен 376 млн теңге болатын тау инфрақұрылымының жобалық-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сатып алу жарияланған. 

Басқармадағылар, 2014-2015 жылдары инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге облыстық бюджеттен 448 млн теңге жұмсалғанын айтты.  Сонымен қатар жобаның бірінші кезінде бір жылда 45 мыңнан 110 мыңға дейін турист қабылдауға болатыны айтылды. Сондай-ақ бірінші кезең іске қосылғанда 400 адам жұмыспен қамтылады.  

Курорт екі аумақтан – жоғары және төменгі базадан тұратын болады. 1,9 мың метрден 3,2 мың метр биіктікте тау шаңғы инфрақұрылымы орналасады. Ал 1,6 мың метрден 1,9 мың метрге дейінгі биіктікте қонақүйлер, аквапарк және басқалар болады.   

inbusiness.kz