Саясат
Қандай мәселе талқыланды?
Қордың коммуникациялар жөніндегі департаментінің мәліметінше, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Арыс және Түркістан қалаларына барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.
«Самұрық-Қазына» қоры Арыс қаласындағы 66 әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, соның ішінде 36 балабақша, 17 орта мектеп, 8 медициналық мекеме және т.б. бар. Сонымен қатар, Түркістан облысында 7000 орындық стадион, Х.А. Яссауи атындағы мұражай, конгресс орталығы және оқушылар Сарайы Сынды 4 нысананың құрылысы жүргізілуде.
Қор Арыс және Түркістан қалаларының нысандарын қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына 42,2 млрд теңге бөлген. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің іс-сапары барысында мердігерлер басшылары құрылыс жұмыстары уақытылы аяқталатынын жеткізді.