Саясат
Қытайландыру саясаты жүріп жатыр
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБейжің билігі халал ресторандар мен тамақ сататын сауда орындарынан арабша жазулар мен ислам дінімен байланысты символдарды алып тастауға бұйрық берді, деп хабарлайды Reuters.
- Олар (шенеуніктер) бұл шетелдік мәдениеттің көрінісі, оның орнына қытай мәдениетін кеңінен қолдану керектігін айтты, - дейді бір ресторанның басқарушысы.
Арабша әріптер мен ислам символикасына қарсы күрес, 2016 жылдан бергі, діндердің қытай мәдениетіне сай болуын қамтамасыз ететін науқанның жалғасы болып табылады.