Weekend
Масада да маса бар, шағуы оның бір бөлек...
Жаз мезгілінде адам біткеннің мазасын алатын жәндік ― маса. Шаққан жерін қышытып, түрлі жараның орнын қалдыратын жәндіктердің жер бетінде ғалымдарға белгілі 3600 түрі бар.
Ғалымдардың зерттеуінше, масалардың дені уытты болмаса да, олардың қан сору арқылы келесі бір адамға тарататын дерті өте қауіпті. Мәселен, олар Зика вирусын таратады.
Ғалымдар неге қауіптеніп отыр?
Жақында шетелдік ғалымдар мен зерттеу институттарының жасаған тәжірибесі, масалардың тек белгілі вирустарды ғана емес, адам өміріне өте қауіпті ми дертін қоздыратын және өлімге алып келетін вирусты да тарататынын анықтады.
Бұл дерт «шығыс аталық энцефалит» деген атаумен әлемге тараған, адамның миына түсетін аса қауіпті дерт. Маса шаққаннан кейін, вирус қанға өтіп, бірден миға шабады. Осының әсерінен адам 30-50% жағдайда өмірімен қош айтысады.
2016 жылы әлем бойынша маса таратқан вирустан 6 адам қаза тапқан.
Суретте: «шығыс аталық энцефалит» вирусы
Бұл вирустың тарататын масалардың өмір сүретін ортасы АҚШ-тың Флорида және Техас штаты. Алайда, алыста жатқан масадан қауіп жоқ деуге тағы болмайды. Ғалымдар бұл масалардың ғаламдық жылыну мен климаттың өзгеруіне байланысты жаңа мекен іздеп шарлап кетуі мүмкін екенін ескертеді. Оған мысал ретінде, азиялық жолбарыс масалардың бұрын тек Қытай, Жапония және Автралия жерінде кездесетінін анықтаса, 2017 жылы Орталық Азия мен Ресей жерінде кездесе бастаған.
Не үшін сақтану керек?
Айта кететін мәселе, аталған вирустан тарайтын, миды зақымдайтын «шығыс аталық энцефалитке» қарсы екпе де, дәрі де табылмаған. Жұқтырған адамды тек ажал күтіп тұр.