Bugin

ҚТЖ Бас прокурорға жүгінді: жолсеріктерімізді жазалаңыздар

Істеген қылмыстарының ауырлығына қарай жаза қолдануын сұрады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Қазақстан темір жолы" Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев пен компания қызметкерлері елдің Бас прокурорына жүгініп, ресми хат жазды.

Сауат Мыңбаевтың қолы қойылған хатта ұлттық компания қызметкерлерінің бұрынғы әріптестерін, әйел зорлаған жолсеріктер Үмбеталиев пен Құрманиязовты, кінәлі деп тауып, қатты сөгетінін айтқан.

Әрі елдің Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтан күдіктілердің істеген қылмысының ауырлығына қарай жаза қолдануын сұраған.

Ал Бас прокурордың ресми өкілі Дархан Дүйсембай анық үкімді сот шығаратынын алға тартады.

Айта кеткен жөн, бұл жолсеріктер 2018 жылы қыркүйекте елордадан Ақтөбеге жол тартып бара жатқан тальго пойызының әйел жолаушысын зорлаған болатын. Кейін ол жолаушының 35 жастағы келіншек, ғылыми қызметкер екені белгілі болды. Ал күдіктілерге екі жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілген болатын.

Tengrinews