Bugin
Алакөлдегі "Qoqtem Grand Resort" қонақ үйінің иесі Алматы облысы мәслихатының депутаты болып шықты
Көлге төгіліп жатқан кір судың видеосы ғаламторға жарияланып кетіп, әлеуметтік желі қолданушылары жаппай наразылық білдіре бастаған болатын. Кейін Алматы облысының әкімдігі кір судың бес жұлдызды "Qoqtem Grand Resort" қонақ үйінің хауызынан төгіліп жатқанын хабарлады.
Кейін бұл қонақ үйдің басшылығына айыппұл салынатындығы да белгілі болды. Ал қонақ үйдің өзі кімнің иелігінде?
Егер ашық дереккөздерге жүгінер болсақ, қонақ үйдің Мұрат Әділханов есімді тұлғаға тиесілі екендігін білуге болады. Ал Мұрат Әділханов Алматы облысы мәслихатының депутаты, "Nur Otan" партиясының депутаттық фракциясының басшысы болып табылады.
Әділхановтың құрылыс саласына инвестиция құятын "Koktem Group LTD" атты компаниясы бар. Ол 2003 жылдан бері жұмыс істейді.
Ал қонақ үйдің өзі былтыр тамызда ашылған. 450 адамның түнеуіне арналған қонақ үйдің алып жатқан аумағы 16 гектарға тең.
bnews.kz