Bugin

Оқуға түсе алмағандар үшін: тағы да 3000 грант бөлінді

Қосымша гранттар техникалық, педагогикалық және жаратылыстану мамандықтары бойынша беріледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова қосымша гранттардың бөлінетінін жариялады.

- Өкінішке қарай, конкурсқа қатысқандардың ішінде грантқа түспегендер де бар. Алдағы уақытта бекітілген тәптіппен үкіметтің тиісті қаулысына өзгеріс енгзіледі де, қосымша үш мыңнан астам грант басым бағыттар бойынша тағайындалады, - деді Жақыпова журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қосымша гранттар техникалық, педагогикалық және жаратылыстану мамандықтары бойынша беріледі.

Бұдан бөлек, жергілікті әкімдіктерге аз қамтылған және көпбалалы отбасының балаларына да арналып қосымша грант бөлініп отырғанын да айта кеткен жөн.

Sputnik Қазақстан