Экономика

Қазақстанның қай өңірлерінде жалақы жоғары?

2019 жылдың екінші жартысындағы қазақстандықтардың орташа айлық еңбекақысы 186 мың 537 теңгеге тең болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің жылдың екінші жартысына қатысты деректерін жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Ал қай саланың мамандары жоғары жалақы алады дегенге келсек, ең көп еңбекақы алатындар қаржы және сақтандыру саласының (458 мың теңге), тау-кен өндірісі мен кен қазу жұмысының (387 мың теңге), техника және ғылым саласының (315 мың теңге), ақпарат пен байланыс саласының (274 мың теңге), құрылыс саласының (233 мың теңге) мамандары болып шықты.

Ал ең төменгі еңбекақы алатындардың қатарына ауыл шаруашылық саласында еңбек ететіндер болып отыр. Олардың еңбегі 112 мың теңгенің айналасында әрі республикалық орташа жалақыдан 40 пайыз аз.

Жалақысы көп аймақтарға тоқталатын болсақ, онда Атырау облысының тұрғындары елде ең көп еңбекақы алатындар екенін білуге болады – 325 мың еңбекақы алады әрі республикалық орташа жалақыдан 1,7 есе көп.

Ал ең төменгі жалақы Жамбыл облысында – 126 мың теңге, республикалық орташа жалақыдан 32% аз.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61