Bugin
Прокуратураның хабарлауынша, құзіретті органда ондай адам жұмыс істемейді
Ведомстваның баспасөз қызметі хабарлағандай, өзін "прокурормын" деп таныстырған видеоролик кейіпкері шын мәнінде прокурор емес.
- Алматы қаласындағы көңіл көтеру орындарының бірінде қыздармен көңіл көтерген әрі балағат сөз айтып, видеоға түсіп бұқаралық ақпарат құралдарына тарап кеткен жас жігіт, шын мәнінде, прокуратураның қызметкері емес, - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Алматының қалалық ПД аталмыш кейіпкердің кім екенін анықтауға кірісіп кетті.
Айта кетейік, аталмыш видеоға түсіп қалған жігіт пен келіншек мейрамхана қызметкерлерімен сөз таластырып, соңында қызметтік "құжатын" көрсетіп, шотты төлемей кеткен.
Tengrinews