Саясат

Сирияға қатысты Астана келіссөздері қайта басталды

Конституциялық комитетті құру мәселесі талқыланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1-ші тамыз, сәрсенбі күні Қазақстан астанасында Сирия мәселесі бойынша13-ші кезекті келіссөздер басталды, Астананың үш басты кепілгерлері саналатын Иран, Ресей және Түркияның үш басты лауазымды тұлғалары екі жақты және үшжақты келіссөздерді өткізді деп хабарлады “HarriyetDailyNews” ақпараттық сайты.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Сириядағы жаңжалдың екі тарапы 1-2 тамыз күндері өтетін келіссөздерге қатысуда.

БҰҰ-ның Сауд Арабиясындағытұрақты өкілі Башар аль-Джафари Сирия үкіметінің делегациясын, ал Ахмет Тума оппозиция делегациясын басқарады.

БҰҰ-ның Сириядағы арнайы өкілі Гейр Педерсен денсаулығына байланысты келіссөздерге қатыса алмады.

Түркия делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Өнал, ал Иран делегациясын Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Али Асқар Хажи басқарды.

Келіссөздер барысында конституциялық комитетті құру мәселесі талқыланды, оның азаматтық қоғамның ішкі комитеті бірнеше ай бойы келіссөздер жүргізуге тура келді. Тараптар 4 + 2 формуласына келісті және бұл комитет Астана келіссөздері кезінде жариялануы мүмкін екендігін Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу мәлімдеді.

Астана келіссөздері 3 миллионнан астам халқы бар Идлиб аймағына даназар аударды. Бүлікшілердің қалған соңғы бекінісі саналатын бұл аймақ Иран үкіметі мен Ресейдің әуе шабуылдарының басты нысанасы саналады.

Сириядағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған Астана бейбітшілік процесі 2017 жылдың қаңтарында Ресей мен Иран - режимнің одақтастары және Түркия тарапынан басталған болатын.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61