Weekend

Оқырман болмаған қылмыскер болуы ықтимал

Қанша абақты салу керектігін қалай анықтаған?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нилл Гейман өзін жазушыдан гөрі кітап оқуға құмар адам ретінде сипаттағанды жақсы көреді. Бірде Нью-Йоркте жүргенде түрме салу жайлы қызық әңгіменің үстінен түседі. 

АҚШ-та түрме салудың дамығаны сонша - келешекте соғылар абақты саны мен болашақ сотталушылардың санын қызық әдіспен болжап білген көрінеді. Яғни, "15 жылдан соң неше адам қамауда отыруы ықтимал?" соны барынша анық болжауға тырысқан. Тап қазір АҚШ-та 10-11 жасар баланың неше пайызы мүлде кітап оқи алмайды немесе оқығысы келмейді, әуелі соны анықтайды. Сосын осы цифрға қарап болашақ қылмыскер санын жобалайды. 

Әдетте, кітап оқитын адам да қылмыс жасайды. Бірақ қылмыстың басым бөлігі сауатсыз тобырдан шығатыны күмәнсіз.