Саясат
Арнайы курстар мен үйірмелерге тегін қатысыңыз
Бүгінде Президент тапсырмасы Қазақстанның түкпір-түкпірінде жүзеге асуда. Әсіресе, жағдайы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, көмек қолын созып жүргендердің қарасы көп. Осы орайда Алматыда ZhasProject жобасы аясында «Демеу» білім беру орталығы ашылмақ. Орталық әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар мен студенттердің тегін білім алуына мүмкіндік береді. Атап айтатын болсақ 9 сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары биология пәнінен тегін дайындық курсынан өте алады. Сонымен қатар мектеп оқушылары мен студенттер домбыра-гитара, фото-видео курстарына тегін қатыса алады. Әр үйірмеге тек 15 адамнан қабылданады. Атаулы көмек алушының әлеуметтік жағдайы міндетті түрде есепке алынады. «DeMeU» білім беру орталығының ашылуы 15 қыркүйекке жоспарланып отыр.
Өтініш беріп, құжаттарыңызды тапсыру үшін және толық ақпарат алу үшін мына байланыс номеріне хабарласыңыз: 8 700-979-0863