Weekend
Сібірдегі табиғат алапат шығынға ұшырады
Орыс орнитологы Игорь Карякиннің айтуынша, Сібір орманындағы жыртқыш құстар жаппай қырылып жатыр. Толассыз жауған жаңбыр мен қардың кесірінен азық таба алмай шетінен қырылып жатқан құстарға биылғы алапат өрт тіптен жығылғанға жұдырық болды.
- Жыртқыш құстардың жұмыртқалары жарылып, балапандары өліп жатыр. Жыртқыштар үшін бұл жыл қиын жыл болды. Біз 1999 жылдан бері бақылау жүргіземіз. Осы жылдар ішіндегі ең алапат жыл осы жыл болды, - деді маман.
Орнитологтың айтуынша, балапандардың тірі қалуы күннен-күнге қиындап барады. Оған себеп - Краснояр аймағы мен Хакасиядан ауып келген толассыз жауын-шашын. Ал Сібірдегі алапат өрт биылғы төлдің 80 пайызын құртып жіберді.