Саясат

Қазақстан Американың Орталық Азиядағы жаңа серіктесі бола ала ма?

АҚШ саясаткерлеріне Қазақстанның реформаларымен қалай айналысатындығына байыппен қарау керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1 тамыз, бейсенбі күніThe National Interest сайтында“Heritage Foundation’s Allison” орталығының сыртқы саясат бөлімінің басшысы Luke Coffey-дің “Қазақстан Американың Орталық Азиядағы жаңа серіктесі бола ала ма?” деген тақырыптағы мақаласы жарияланды.

Мақаланың нақты мазмұны мынадай:

Қазақстанға өзгергеретін уақыт келді.

Бұрынғы кеңестік республиканың тұңғыш президенті, жетпіс тоғыз жастағы Нұрсұлтан Назарбаев отыз жылға жуық биліктен кейін наурызда отставкаға кетті. Оның мұрагері Қасым-Жомарт Тоқаев өткен айдағы сайлауда 70 пайыз дауыс жинап, президенттік лауазымға ие болды.

Сайлау процесі жетілмеген болса да, бұл Қазақстан жөнінен алғанда ең заңды сайлау басқышы болды. Мысалы, алдыңғы сайлауда Назарбаев 97,7 пайыздық дауыспен жеңіске жеткен болатын. Көптеген адамдар Назарбаев отбасылық билік құрады деп болжаған еді. Маңыздысы ондай жағыдай орын алған жоқ. Енді ешқашан олай болмайды да.

Президент Тоқаевтың поштасы арызға толы. Өйткені оның елі жемқорлықтан, әлеуметтік толқулардан және әлсіз экономикадан зардап шегуде. Осы мәселелерді терең түсінгендіктен, оның билікке отыру рәсімінде сөйлеген кіріспе сөзінде реформаның үш, бес, тіпті он басымдықтары туралы айтылды.

Тоқаев Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысын өзгертеді деп айтуға негіз жоқ, өйткені Америка Құрама Штаттары бұл елмен бұрыннан достық қарым-қатынаста. Сондықтан Трамп әкімшілігі онымен тығыз жұмыс жасап, өзара тиімді мәселелер бойынша АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты жақсарту жолдарын іздеуі тиіс. Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында «Америка Құрама Штаттары джихад үшін қауіпсіз баспана болатын қарсыласушы күштерге қарсы реформаларға басымдық беретін Орталық Азия елін іздейді» делінген. Бұған Қазақстан сай келеді.

Америка Құрама Штаттары Тоқаевпен ынтымақтастықта төрт аяқты кресло стратегиясы бойынша екіжақты қарым-қатынас орнатуға тырысады. Олар қауіпсіздік, энергетика, басқару және экономика болып табылады. Кез келген орындық сияқты: егер бір аяғы екінші аяғынан ұзын болса, ол теңселе бастайды.

Осы уақытқа дейін қауіпсіздік қарым-қатынасы Америка Құрама Штаттары үшін ең маңызды болып саналады. Қазақстан бұрыннан Ауғанстанның пайдалы серіктесі болып келді, ол Ауғанстанның экономикалық және білім беру жобаларына ондаған миллион доллар инвестиция салды. Сондықтан ең бастысы, Қазақстан - АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери жабдықтау жүйесінің ажырамас бөлігі болуы мүмкін.

Астана процесі Сириядағы соғысуды тоқтатпаса да, Қазақстанның Сириядағы азаматтық соғысты тоқтатуға көмектесу мақсатында осы келіссөздерді өткізуге дипломатиялық бастамаларды қабылдауы мақтауға тұрарлық. Мұсылмандар саны көп ел болғанына қарамастан, Қазақстан әрқашан зайырлы ел ретінде исламдық экстремизмге қарсы белсенді серіктес болып келеді. Сонымен қатар, кеңестік ядролық қару сынақтарын бастан кешірген Қазақстан, әрине, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану бастамаларын қолдауға ұмтылады.

Энергетика тұрғысынан американдық компаниялар ондаған жылдар бойы Қазақстанға инвестиция салып, жұмыс жасап келеді. Сондықтан бұл ел АҚШ-тың еуропалық одақтастарының Ресейдің мұнай мен газына тәуелділіктен арылуында маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Өткен жылғы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы келісім Каспий теңізінің шығысы мен батыс жағалауын жалғайтын Каспий маңы газ құбырын салудағы негізгі кедергілерді алып тастады. Енді Қазақстан бұл жобаны жүзеге асыру үшін Түркіменстан және Әзірбайжанмен тығыз жұмыс жасауға мүдделі.

Айта кету керек: Қазақстандағы Қашаған кен орны биыл өндіріс көлемін ұлғайтуда. Ресейдің Каспий Құбырлар жүйесі артық мөлшердегі тасымалды көтере алмауы мүмкін. Қазақстан қосымша мұнайды Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры арқылы өткізе алады, бұл құбырдың артық сиымдылығы бар және Ресейді айналып өтеді. Бұл сонымен бірге Еуропаның Ресейге тәуелділігін төмендетуге көмектеседі, ал АҚШ Қазақстанды осындай таңдау жасауға шабыттандыруы керек.

Экономикалық байланыс тұрғысынан АҚШ әрдайым аймақтағы өзінің қатысуын тереңдетудің жаңа жолдарын іздеуі керек. Қытай мен Ресей де бұл істерге араласатыны сөзсіз, ал Вашингтонның бәсекелестіктен бас тартуға ешқандай негізі жоқ. Қазақстанның энергетикалық секторындағы инвестициялық мүмкіндіктер ондаған миллиард долларды құрайды және одан да ұлғаюы мүмкін. 2018 жылы Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы жалпы сауда мөлшері 2,2 миллиард доллардан асты, ал инвестиция 5 миллиард доллардан асты. Осыған қарағанда бұл екі санаттың да өсуіне үлкен мүмкіндіктер бар екені анық.

Ең соңында,  АҚШ саясаткерлері Қазақстанның басқару реформаларымен қалай айналысатындығына байыппен қарау керек. АҚШ-тың Орталық Азиядағы мүддесіне қатысты екі маңызды фактор бар: олар - басқару жүйесінің тұрақтылығы және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселесі. Америка Құрама Штаттарына аймақтағы өз рөлін тепе-теңдікке жеткізе алатын тұрақты және қауіпсіз Қазақстан қажет. Басқару мәселелеріне келетін болсақ, Қазақстанның дұрыс бағытта жүруі маңызды, алайда бұл бағыт ел тұрғындарының басым көпшілігі үшін қолайлы болуы шарт.

Кейбір қазақстандықтар демократиялық реформалар қарқынының баяу жүріп жатқанына наразы, бұл жақында бірқатар наразылық шараларының өтуіне алып келді. Бірақ 18 миллион халқы бар елде ең түйткілді кезеңдегі наразылық акциялары бірнеше мың ғана наразылық білдірушілерді тартқанын түсіну маңызды.

АҚШ саясаткерлері “арап көктеміндегіге” ұқсас тұзаққа түсіп қалмауы керек. Ол кезде көшедегі наразылықтар бұрмаланып, реформаларды тым шұғыл жүзеге асыру үшін қолданылғандықтан, олар нақты жағдайдан алшақтап кеткен. Нәтижесінде, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың көптеген жерлерінде тұрақсыздық пен қақтығыс толқулары туындады. АҚШ мұны Орталық Азияда қайталамауы керек.

1991 жылы Кеңес Одағынан тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстандағы демократиялық қозғалыс кейде өте баяу жүргізілді. Алайда уақыт өте келе ол дұрыс бағыт ала бастады.

Ауқымды геосаяси жағдайды ескерсек, биліктің Назарбаевтан Тоқаевқа бейбіт жолмен өтуі АҚШ мүдделеріне қызмет етуі мүмкін екендігі айқын. Америка Құрама Штаттары реформаларды ынталандыруы керек болған күннің өзінде, ол мұны ақылға қонымды, жауапты және нақты түрде жасауы керек. Президент Тоқаев реформаларды бірнеше аптадан кейін жүргізуге болатындығын және бұл бағытта алғашқы қадам жасалғанын айтты. Бұл АҚШ пен аталмыш мәселелер жөнінде ынтымақтастыққа үлкен жол ашты.

Президент Трамп Қазақстанға тездетіп сапар ұйымдастыру үшін әрекет етуі керек. АҚШ-тың бұл аймаққа қатысты шын ниетін көрсететін кез келді делінген мақалада.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61