Bugin

Арыстағы жарылыстан жарақат алған бала көз жұмды

Бір ай комада жатқан 8 жасар бала бүгін таңертең қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жарақат алған бала елордадағы №2 балалар ауруханасында жатқан болатын. Ал бүгін елордалық дәрігерлер бұл баланың көз жұмғанын мәлім етті.

- Иә, біз бұл фактіні растаймыз, - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Бала 24 шілде күні Арыстағы жарылыстар кезінде басынан жарақат алып, комаға түсті. Дәрігерлер оның жағдайы өте ауыр деп бағалады. Ол санавиациямен елордаға жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Арыстағы жарылыстар салдарынан екі әскери қызметкер мен жергілікті тұрғын қаза тапқан болатын. Қала тұрғындары шұғыл түрде көршілес аудандар мен Шымкент қаласына көшірілді.

Қалада минадан тазарту жұмыстары жүргізілді, 28 маусымда тұрғындар үйлеріне қайта бастады.

Қазақстанның қорғаныс министрі төтенше жағдайдың алдын ала себептерін жариялады. Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, электр қуатының қысқа тұйықталуы, қандай да бір оқ-дәрідегі химиялық реакция, диверсия, кездейсоқ заттың тиюі немесе шөптің өртенуі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. 

Sputnik Қазақстан