Спорт

GGG таңдауы: DAZN & ESPN

Үлкен мүмкіндік тұр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінде  GGG-дің алдында DAZN стриминг қызметі және ESPN телеарналарының келісімі жатқандығы белгілі. 

Жақында ғана оның промоутері Толм Леффлер жыл соңына дейін боксшы аталған қос келісімшарттың бірін таңдайды деген еді. Дәл осы сұрақ төңірегінде америкалық Boxingnews24 сайтының журналисі өзінің болжамын хабарлады. 

Оның ойынша, «Егер Головкин DAZN компаниясымен келісімге отырса, онда оның Канеломен үшінші жекпе-жегін өткізу әлдеқайда жеңіл болады.  Себебі, мексикалық спортшы аталған компаниямен 5 жылдық келісімге отырған. Сондай-ақ, сыйақысы 365 миллион долларға бағаланған 11 жекпе-жекке келісім берген.  Ал,  DAZN-ның Генаға қанша қаражат ұсынғандығы белгісіз. Бірақ, мексикалық боксшымен салыстырғанда біршама төмен екендігі белгілі. Сондықтан, Головкин мұндай ұсынысты қабылдауы екі талай.  Ал, ESPN-ге келер болсақ, оның Top Rank компаниясымен келісімшартқа отырғандығын жақсы білеміз. Сондықтан, онда WBA-ның орта салмақтағы чемпионы Роб Брантом және экс-чемпион Риото Муратомен кездесуге мүмкіндігі бар» дейді. 

Қазіргі таңда көптеген жұртшылық Головкиннің мексикалық боксшымен үшінші рет жұдырықтасқанын қалап отыр. Мұны Гена асыға күтіп жүрген сыңайлы. Себебі, екі рет опық жеген отандасымыз оның әрбір әрекетін назардан тыс қалдырмауда. Ал, үшінші жекпе-жекпе келер болсақ, бұл үшін Гена тағы бір қарсыласын жеңіп барып шақыруына мүмкіндік бар. Канеломен жұдырықтасуға көптеген спортшының ниеті болғанымен, Генаға қарсы тұрудан кейбірі бастарын ала қашуда.

Дереккөз: The Qazaq Times