Weekend

Гренландия мұздықтары еріп жатыр: адам баласының аман қалуы екіталай

Қазірдің өзінде Гренландия мұз қалқанының 160 миллирад тонна мұзы еріп кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дүниежүзілік метеорологтар мен климатологтар аномалды ыстық салдарынан Гренландия мұздықтары еріп, құрлық мұз қалқанынан біртіндеп айырылып жатқанын алға тартады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 

- Біздің зерттеулеріміз алаңдауға негіз болып отыр. Ауа ағымы ыстық ауа райын Гренландияға қарай алып бара жатыр, - деген болатын Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның өкілі Клерон Нуллис Женевада өткен БҰҰ брифингінде.

Одан бері қанша уақыт өтсе де ыстық ауа райы мұздардың жедел еруіне себеп болып отыр. Алдын ала анықталғандай, осыған дейін Гренландия мұз қалқанының 160 миллиард тонна мұзы еріп кеткен. Бұл көлемі "Астана арена" стадионындай 160 миллион бассейнге тең. 

Айта кетейік, мұздың биіктігі 3 мың метрге дейін жетеді. Барлық мұздың жиынтығы - 2,9 миллион куб метр. Егер оның барлығы ерісе, теңіз деңгейі 7 метрге дейін көтеріледі. Ғалымдардың пайымдауынша, жедел шара қолданбаса, 1,5 жылдан кейін бұл апаттың алдын алу мүмкін болмай қалады.