Bugin
Бас қаладан Екібастұзға тағы 36 отбасы көшірілді
"Нұрлы ертіс" бағдарламасымен Астанадан 68 ересек адам мен 144 бала қоныс аударды. Астана әкімдігі оларды көшіруге арнайы автобустар бөлген екен.
Павлодар облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қ.Нұрмағамбетов қоныс аударғандарға жаңа көп қабатты үйлерден пәтерлер берілетінін айтады. Бұған қоса отбасының әрбір мүшесіне берілетін 88 мың теңгелік бір реттік субсидиясы тағы бар. Бір жыл бойы ай сайын пәтер жалдауға және коммуналдық төлемдер төлеуге қаражат та беріледі. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бес жылдан кейін жалға алған пәтерлерді жекешелендіріп алулары да әбден мүмкін.
Павлодар әкімдігі көшіп келген азаматтарды жұмыспен қамтып, көпбалалы отбасынан шыққан балаларды бала-бақшаларға тегін орналастыруды да міндетіне алыпты.
informburo.kz