Bugin
Түркістан облысының әкімдігі қаза болған сегіз жасар баланың ата-анасына көмектесеміз деп уәде беріп отыр
Бұл жайында әкімнің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов айтып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
- Әкімдік жерлейтін жерге дейін баланың мәйітін жеткізіп беруді ұйымдастырады. Одан бөлек, жерлеу рәсімдерін де ұйымдастыруға қатысып, марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетілмек, - дейді әкім кеңесшісі.
Көз жұмған баланың есімі де белгілі болып отыр. Есімі – Аян Ербол. Бала жол апатына түсіп жарақат алған екен. Кейін ол санавиациямен Бас қаладағы ауруханаға жеткізіледі.
Бұған дейін елдің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртаңов баланың жағдайы аса ауыр екендігін айтқан болатын.
Бірақ отандық дәрігерлер баланы аман алып қала алмады.
Айта кеткен жөн, Арыстағы оқиғадан жарақат алған екі баланың бірі бүгін таңертең көз жұмған еді.