Bugin

Қостанайда киіктерді ұстау үшін көлікпен қаққандар ұсталды

Полицейлерден қашпақ болып өлген киіктерді көліктен лақтырып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оқиға 30 шілде күні таңертең болған деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция бөлімшесіне таңертең қос киіктің өліп жатқаны және ақ түсті көліктің оқиға орнынан қашып кеткені жайлы хабарлама келіп түскен. Науырызым аудандық ПБ арнайы іздеу тобын құрып, оқиға орнына аттандырады.

Жедел іздестіру барысында екі сағаттан кейін ақ түсті "Ваз-2121" көлігінің жүргізушісі ұсталады.

Кейін белгілі болғандай, Қостанай қаласының 35 жастағы тұрғыны Науырызым ауданындағы туысқандарына келіп, танысымен бірге көлікке отырып, түзде келе жатып, қос киікті қағып кеткен екен. Оның біреуін сол жерде тастап, екіншісін көліктің жүк салғышына артып әкетпек болған. Бірақ екі шақырымдай ғана жерге барып, арттан аңду барын сезген соң, оны да жолда лақтырып кеткен.

Қазіргі уақытта "Заңсыз аң аулау" бойынша қылмыстық іс қозғалуда.