Саясат
Мәскеу мен Бейжің Вашингтонға сене қояр ма екен?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАҚШ президенті Трамп INF келісімін жойған күні Ресеймен және Қытаймен жаңа ядролық келісім жасауға шақырады деп хабарлайды RT.COM ақпараттық сайты.
Америка Құрама Штаттары 1987 жылғы қару-жарақты бақылау туралы маңызды келісімді тоқтатқан күні АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен және Қытаймен жаңа ауқымды ядролық келісімге қол жеткізгісі келетінін айтты. Мәскеу мен Бейжің Вашингтонға сене қояр ма?
- Біз Ресеймен ядролық келісім туралы сөйлестік жүргіздік, - деді Трамп жұмада Ақ үйдің қасында журналистерге берген сұхбатында. - Қытай да бұған өте қуанышты.
АҚШ президенті ядролық қаруды қысқартудың мұндай жоспарын бірінші рет ұсынып отырған жоқ. Ол бұл ойын сәуір айында алғаш рет ортаға қойып, түпкі мақсаты - мүмкіндігінше көп ядролық қарудан «арылу» екенін білдірген болатын.
Алайда іс жүзінде Трамп әкімшілігі АҚШ-тың ядролық арсеналын және Пентагонның атом қаруын қолдану туралы теориясын модернизациялауға (жетілдіруге) миллиардтаған доллар бөлді, сонымен бір уақытта бұл Еуропадағы 1987 жылғы INF қару-жарақтарын бақылау туралы маңызды шарттың күшін жойып тастады. Аталмыш шарттың арқасында Еуропада 20 жылдан астам уақыт бойы бейбітшілік орнады.
Трамп әкімшілігі келісімшарттан шығатынын жариялап, алты айдан соң, INF ресми түрде күшін жойды. Алайда Мәскеу өзінің 9M729 басқарылмалы зымырандары INF стандартына сәйкес келетінін, АҚШ пен НАТО жүйені нақты тексерудің барлық мүмкіндіктерін қабылдамай қойды дегеннен танбады. Жұма күні орыс шенеуніктері Пентагон жаңа зымырандарды жасауға мүмкіншілігі жеткен соң, аталмыш келісімшарттан жалтарып шыға келді деп айыптады.
Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонның қазан айында Мәскеуде өткен сапары барысында INF келісіміне деген менсінбеушілігін жасырмады және оны Қытайды қамтыған «жаңа стратегиялық шындыққа» сәйкес келмейтін «қырғи қабақ соғыс» жәдігері ретінде сипаттады.
Қазіргі Қытай мен Вашингтон арасындағы сауда соғысы өршіп тұрған шақ. Ал АҚШ болса, Бейжің шағымданған су аумағына кемелер жіберіп, даулы арал - Тайванға қару сатуда. Қытай шенеуніктері Трамп айтқандай, ядролық қаруды бақылау жөніндегі келісімдерге деген Қытайдың ынтасын әлі растаған жоқ.
Бейжің мен Мәскеу де Трамптың 2015 жылы алдын ала келіскен ядролық келісімді бұзу арқылы Иранмен теке тірес болып отырғанын ұмыта қойған жоқ.
Трамптың сайлау науқаны барысында Иран келісіміне қарсы үгіт жүргізгені және Қытаймен арадағы сауданы барынша қиындатқаны сөзсіз. Бірақ ол Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуға үндеу жасаса да қазірге дейін жүзеге аса қоймады. Себебі демократтар оны 2016 жылғы сайлау кезінде Кремльмен «байланысқан» деп айыптады. Жақында арнайы кеңесші Роберт Мюллердің екі жылдық тергеуі осы«қастық теориясына» ешқандай дәлел келтіре алмаған күйі аяқталды.
Жұма күні, Трамп: «біз Ресеймен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысып жатырмыз»,- деді.
Алайда Мәскеу де, Бейжің де Вашингтонмен қандай да бір мәміле жасай алатынына сенімді емес әрі Ақ үйде Трамптың немесе басқа біреудің болғанына қарамастан, АҚШ олардың сөзіне құлақ асады деп үміттенбейді. Сондықтан бұл ұсыныс басталмай жатып сәтсіздікке ұшырайтын сыңайлы.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61