Саясат

Геноцид жасаған тұлға: "Екінші аға" қайтыс болды

Ол Пол Поттың оң қолы саналған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нуон Чеа - Камбоджадағы қызыл кхмерлер кезеңінің басты тұлғаларының бірі. Ол геноцид үшін өмір-бақи түрме жазасына кесіліп, 93 жасында қайтыс болды.

Оны кезінде "Екінші аға" деп атаған - 1975 жылдан бастап 1979 жылға дейінгі Камбоджадағы қызыл кхмерлер диктатурасы кезінде ол Пол Поттан кейінгі екінші адам болған. 

Осы төрт жылдың ішінде бұл елде екі миллионға жуық адам қаза болған. Олардың көбі аштықтан, аурудан және адам төзгісіз еңбектің кесірінен қайтыс болды.

Нуон Чеа БҰҰ-ның арнайы сотының шешімімен екі рет жазаға кесілген:  бірі 2014 жылы - адамзатқа қарсы қылмыстары үшін болса, 2018 жылы чам ұлты мен этникалық вьетнамдықтарға қарсы геноцид жасағаны үшін өмір-бақилық жазаға кесілген болатын. 

Қызыл кхмерлер - Камбоджадағы аграрлық бағыттағы коммунистік қозғалыстың бейресми атауы.