Саясат

Зеленский жол салуға керек 175 миллионды 3 минутта-ақ тапты – депутаттың мойнына артып жіберді

Енді өзі туып-өскен өлкесінің жолын жөндеу үшін депутаттың өзі қалтасынан ақша шығаруы тиіс, бюджеттен бір тиын да алмайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Зеленский Ивано-Франков облысына іссапармен барып, аймақтың басты проблемаларымен танысып, жиын өткізді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

Аймақ басшыларымен отырыс кезінде Зеленский бұл өңірдің кейбір қалаларында 30 жыл болды, әлі жол салынбағанын әрі оны халықтан естігенін сөз еткен.  

- Космач қаласы ғана емес, бес бірдей қалада жол жоқ екен, - деді президент отырыс кезінде.

Кейін Ивано-Франков әкімшілік облысының бұрынғы депутаты Олег Гончаруктан қай жерлерге жол салып, қай жерлердің жолын жөндеу керектігін әрі оның құрылысына қанша қаржы қажет екендігін сұраған. Бұл сұраққа жауап берген Космач селосының бас депутаты селоға қарай жол салу үшін 175 млн гривна қаржы (шамамен, 2,6 млрд теңге) керектігін айтқан.

Зеленский депутаттарымен үш минуттай ақылдасқан соң, жауап берген депутаттың өзіне тіке сұрақ қояды.

- Сізге сонда 175 млн гривна қаржы керек қой, иә? Мұнда Иванчук мырза (Андрей Иванчук, "Народный фронт" партиясынан сайланған, 8-ші шақырылым депутаты, өзін-өз сайлауға ұсынған – ред.) отыр екен. Сіз де депутат болған екенсіз, естідім. Бұл жерге бекер келмеген боларсыз. Осында туып-өстіңіз емес пе? Демек, көмектескіңіз де келеді! 175 млн гривна бар ма? – деді Зеленский Иванчукке қарап.

Ал Иванчук болса, жолдың құрылысына қажет қаржы бюджеттен бөлінуі керектігін алға тартқан.

– Бұған бюджеттің қатысы қанша? Оған неге жармасып қалдыңыздар? Сіздерге бюджетке жол жоқ. 175 миллион тауып көмектесе аласыздар ма? Еркекше сұрақ қойып отырмын. Бюджетте жол салуға қаржы жетпейді. Бірақ халыққа көмектескіміз келеді. Сіз депутатсыз, сізді ел сайлады. 175 миллион Сіз үшін түк емес. Мен, тіпті, ол қаржыны кімнен алу керектігін де айтып бере аламын. Еліңізге көмектесіңіз енді, журналистер те Сізге қарап отыр. Сонымен, ақшаны таба аласыз ба? – деп турасынан сұрақ қойды президент.

Сөз соңында Иванчук ақшаны табатын болып келісті.

– Сонымен, көмектесетін болдыңыз ғой, иә!? Тек өтінерім мені алдауға (алдай алмайсыз да!) тырыспаңыз. Сіздің телефон нөміріңізді қала тұрғындарына таратып беремін. Олар Сізге келіп жүгінетін болады. Алдауға тырыспаңыз! Мәселе шешілді, – деп өзін аяқтады мемлекет басшысы.


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61