Bugin

ҰҚК қауіпсіздік сертификаты жайлы: Жүйе Қытайдың үлгісіне ұқсамайды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қауіпсіздік сертификатын енгізуге қатысты түсініктеме беріп, келесідей сауалдарға жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қауіпсіздік сертификатын енгізудің мемлекеттік мақсаты қандай?

Қауіпсіздік сертификаты азаматтар мен мемлекеттік органдарды, отандық компанияларды ғаламтор алаяқтары мен кибершабуылдан қорғау үшін жасалуда.

Мәселен, 2016 жылы әлеуметтік желілерде "Ситий кит" сынды адамды суицидке апаратын ойын түрлері пайда болып, оны әлеуметтік желі иелерінің өзі тоқтата алмаған еді. Ондай мүмкіндік бізде де болған жоқ.

Қауіпсіздік сертификаты 2016 жылы орнатылмақ болған еді, бірақ кейінге қалтырылуының себебі неде?

Үлгінің өзі 2015 жылы енгізілгенімен, оны енгізуге арналған арнайы бағдарлама болған жоқ. Тек 2017 жылы ғана Елбасының тапсырмасымен "Қазақстан Киберщит" бағдарламасы жасалған болатын. Ал аталмыш бағдарламаның басты бөлігі – осы қауіпсіздік сертификаты.

Қауіпсіздік сертификатын орнату үшін шетелдік мамандар шақырыла ма?

Қауіпсіздік сертификаты мен оның инфрақұрылымдарын отандық IT-мамандар жасаған. Олардың арасында шетелдік мамандар жоқ.  

Қауіпсіздік сертификатын орнатуға қанша қаржы жұмсалмақ?

Оны орнатуға қаржы жұмсалмайды.

Біздің мемлекетіміз Қытай сияқты «үлкен фаервол» желісін құрады деген болжам қаншалықты рас?

«Киберщит Қазақстан» жүйесі техникалық құрылымы жағынан әлемнің бірде-бір елінде жоқ жүйе әрі Қазақстанның ерекшеліктеріне қарай жасалған. Кибершабуыл саласындағы үздік заманауи техникалық мүмкіндіктері қолданылған. Қытайдың жүйесіне мүлдем ұқсамайды.

Қауіпсіздік сертификатын орнатқандардың жүйесі хакерлердің шабуылына қаншалықты қарсы тұра алатын болады?

Қауіпсіздік сертификаты абонентті ғаламтордағы зиянды бағдарламалардан, құқықбұзушы контент пен алаяқтардың, хакерлердің түрлі шабуылдары мен айла-амалдарынан қорғайды.

Қауіпсіздік сертификаты қазақстандықтардың жеке өміріне, хабарламалары мен жеке деректеріне қол сұқпай ма?

Қауіпсіздік сертификаты ҚР Заңнамаларына, ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Дербес деректер мен оны қорғау туралы» және т.б. Заңдарына сәйкес жасалған.

Tengrinews