Саясат
Айтылған сөз - атылған оқпен тең
Румынияның Білім министрі Екатерина Андронеску ұрланып, кейін өлтірілген 15 жастағы қыз туралы қате пікір айтқаны үшін жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Facebook-тегі өзінің парақшасында ел премьер-министрі Виорика Дэнчилэ хабарлады.
Өткен аптада Андронеску ұрланған қызды "бейтаныс машиналарға отырмауға үйреткен" деп мәлімдеген. Дэнчилэ бұл мәлімдемеде "балаларды ұрлаудан, агрессиядан, қатыгездікпен қараудан және адам саудасынан қалай қорғау керектігі туралы түсініктің жоқтығын көрсетеді" деп атап өтті.
Оның айтуынша, бұл жауапсыз ұстаным Румыния билігінің көзқарасын көрсетпейді. Үкімет басшысы бұдан былай Министрлер Кабинеті мүшелері тарапынан мұндай мәлімдемелер жасалса, олар әрдайым орнынан кететінін атап өтті.
Бұған дейін 15 жастағы Александр Мецешанның өліміне байланысты Румынияның ІІМ басшысы Николае Мога лауазымынан кеткен болатын.
Қайтыс болған жеткіншек қыз өзінің өлімінің алдында үш рет құтқару қызметіне қоңырау шалып, ол баратын жеріңе жеткізіп саламын деп отырған көлігіндегі ер адамның ұрып-соғып, зорлық көрсетіп жатқындығын айтқан. Полиция оқиға орнына тек 19 сағат өткеннен кейін ғана жеткен. Ер адамды ұстап, тұтқындағаннан кейін, ол екі адамның өлімін өз мойнына алған. Бұдан бөлек, құқық қорғау органдарының қызметкерлері оның үйінен кемінде төрт адамның жанып кеткен сүйектерін тапты.
Қыздың өлімі румын қоғамының наразылығын тудырды. Елде биліктің әрекетсіздігіне қарсы наразылықтар болды. Ел президенті Клаус Йоханнисте елдегі билікті айыптап, мемлекет "іргелі құқық болып табылатын, өмір сүру құқығын қорғау бойынша өз жұмысын орындамағанын" мәлімдеді.