Weekend
Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел мәлімдеді
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Алакөлді ластаған қонақ үйге айыппұл салынатын болды.
Алакөлді ластаған "Көктем гранд" қонақ үйінің бассейнінен алынған сынамалар бірер күнде дайын болады. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада әлеуметтік желі арқылы аталған қонақ үй кешенінің құбырынан көлге лас су ағып жатқаны түсірілген бейнежазба таралып кеткен еді. Судан жағымсыз иіс шыққандықтан, бұл жағдай демалушылардың наразылығын туғызған. Сол күні экологтардан, аудандық әкімдік пен санэпидемстанция қызметкерлерінен комиссия құрылып, жұмыс істей бастады.
- Оның кәріз жүйесінен емес, демалыс орнының бассейнінен аққан су екені анықталды. Оқиғаға байланысты Алакөлдің өзінен және демалыс орнының бассейнінен сынамалар алынды. Олардың нәтижелері ертең белгілі болады. Соған сәйкес, экологиялық заң нормалары бойынша шара қолданылатын болады, - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.