Саясат

Әкім болу оңай ма?

Бастық болу оңай дегендерге жауап

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әкімдер - біздің ауылдан бастап облыстарға дейінгі елді-мекендер деңгейінде қызмет ететін басшылар. Олар барлық жағдайды жоғарыдан төмен емес, төменнен жоғарыға қарай бақылайтын, соған қарап іс-әрекет жасайтын тұлғалар. 

Өздеріне тиесілі ауылды, қаланы, облысты көркейту, дамыту үшін барын салады. Алайд  бәрі тиянақты, кемшіліксіз бола алмайды. Осы кезде, әкімдердің басы дауға қалып, сынға ұшырайды.

Сол себепті әкімдердің қызметінің екінші жағын көрсету мақсатымен олардың қызмет аясын бір сараладым. Әкімдер төменде келтірілген мәселелерді шешіп, еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосуда.

1. Денсаулық мәселесі

Дені сау халық - дені-сау елді мекен. Денсаулық сақтау мәселелері республикалық және облыстық деңгейде шешілгенімен, әкімдер өзіне тиесілі орындардағы адамдардың денсаулығының жақсы болуына жауапты.

2. Демография

Бұған елді-мекендегі көші-қон мәселелері, ұлттық, діни, мәдени әртүрлілік кіреді.

3. Қоршаған орта

Қоршаған орта мәселелері соңғы жылдары белең алып бара жатыр. Ауаның және су көздерінің ластануы қазақстандық әкімдер үшін бас ауруына айналғалы қашан.

4. Ақпараттандыру

Президенттің тапсырмасына сай әкімдердің барлығы халықпен кері байланыс орнатуда. Республикалық маңызы бар қалаларда, халықтың наразылығы мен ұсыныстарын қабылдайтын онлайн ақпараттық кеңселер бар. Халықты дер кезінде ақпараттандыру, халықпен кері байланыс орнату - заманауи және болашақ елді-мекендердің іргетасы болып табылады.

5. Үй мәселесі

Үйсіз-күйсіз, біреудің босағасын жағалап жүрген адам қаншама. Әкімдер де, мұны жіті бақылап, үй-жаймен байланысты мәселелерді шешуге барынша тырысып бағуда.

6. Білім беру мәселесі

Сапалы білімді, жетістікке жететін қоғамның негізі деп біледі. Сол себепті әкімдер, білім беру ордаларының дамуына көп көңіл бөледі.

7. Елді-мекен бюджеті

Қаржыландыруды жетпеген жеріне жеткізіп, жыртығын жамап жүрген де осы әкімдер. 

8. Қоғамдық қауіпсіздік

Тұтанып жатқан халық наразылығын өшіруге барынша ат салысып жүрген әкімдер қаншама. Оны жақында орын алған Арыс оқиғасынан да, өзге де жерлерден байқауға болады.

9. Инфрақұрылым

Жол, ауыз сумен қамтамасыз ету, қоғамдық көлік және өзге де мәселелер, біреуі шешілсе, екіншісі пайда болатын мәселелер қатарына жатады. Оларды сәл де болса шешіп, халықтың көңілін табу да қиын болып табылады.

Халықтың сынына ұшырап, өкпе-назын тыңдап, саясаттың ыстығына да, суығына да шыдайтын әкімдерді, бір сәтке болсын түсініп, барынша қолдауға тырысайық.

p.s. Бұл мақала "заказбен" жазылған жоқ. Жай ғана, автордың тәуелсіз ой-пікірі. Объективті пікір ретінде қабылдасаңыздар.