Саясат

Шымкент әкімінің орынбасары Данат Жұмин жұмыстан кетті

Бұл қызметке ол Ғабидолла Әбдірахымовпен бірге келген болатын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ал Ғабидолла мырза Шымкент қаласы әкімі қызметінен кеткен соң, бір аптадан кейін Жұмин де қызметтен кететіндігін хабарлады.

Данат Жұмин былтыр шілде айында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді. Одан бері, міне, бір жыл өтті. Әзірше, шенеунік алдағы уақытта қай қызметке баратынын айтқан жоқ.

Жасы 36-ға келген мемқызметкер 2002 жылы Қостанайда бизнес-колледжді бітірген. Ал 2006 жылы Еуразия ұлттық университетін саясаттану мамандығы бойынша бітіріп шыққан.