Weekend

Халықпен санасқан Түркістан қалалық әкімдігі бояу фестивалін өткізуден бас тартты

Абай Құнанбаевтың туған күнінде холи фестивалін өткізуді халық қолдай қоймады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бояу фестивалінің елдің рухани астанасы Түркістан қаласында да өтеді деген жаңалық қала жұртшылығының шамына тиген соң, Рашид Аюпов бастаған қала әкімшілігі бұл ойынан бүгін бас тартып, оның орнына марафон өткізетінін мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

- Құрметті түркістандықтар! Сүйікті қаламызға жанашырлықпен қарап, әрбір бастамаға белсенділік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Ал 10 тамызға жоспарланған «Яркокросс» фестивалі тоқтатылып, орнына жалпықалалық марафон мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өткізіледі. Оған қала тұрғындарының барлығы қатыса алады. Басты мақсат – салауатты өмір салтын ұстану, - деп хабарлады әлеуметтік желіде Түркістан қалалық әкімдігі.

Марафон 10 тамыз күні кешке басталады.