Weekend
Қарбыз ағзаны тазартып, жасарта алатын бірден-бір дәрумен
Қарбыздың құрамындағы дәрумендер мен қышқылдар, каротин мен басқа да пайдалы элементтер адам ағзасындағы зат алмасу үрдісін жақсартып, оның тазаруына септігін тигізеді. Әсіресе, ағзадағы қышқыл мен зиянды қалдықтарды жинайтын өт пен бүйректің тазаруына көп әсер етеді.
Одан бөлек, терінің жасаруына да, асқазан мен ішектің лас нәрселерден арылуына да пайдасы зор. Мәселен, дененің жарақаттанған жеріне қарбыздың жұмсағын жақса, тез жазылады әрі жасарып шыға келеді.
Ал қарбыздың дәнегінде жасартуға көмектесетін Е дәрумені мен жасартатын қышқыл көп болғандықтан, тері мен беттегі әжімнің тарылуына, оның жоғалуына, ағарып, қара дақтардың кетуіне пайдасын тигізеді.
Тағы бір айта кететін нәрсе – қарбыздың диабетпен ауыратын адамдар үшін жұғымды тамақ бола алатындығы. Қарбыздың қанты жеңіл қорытылатындықтан, қант ауруына шалдыққандарға зиянын тигізбейді. Құнарлылығы аз болғандықтан, диета ұстап жүргендер үшін де таптырмас тағам.
Сондай-ақ қарбыздың қабықшасы да пайдалы екен. Кепкен қарбыздың қабықшасын іскен жерге не сырқырап ауыратын жерге басса, ауру басылады.